Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Орда тобының 2000 жылғы видеосы жұртты күлкіге қарық қылды (видео)

Дастан Оразбеков “Орда” тобының 2000 жылы түсірілген видеосын бөлісті. Аталған видеоны көрген жұрт күлкіге қарық болды.

0э

Фото: instagram.com/dastanello/

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Жуырда Дастан Оразбеков баласына жеті атасын жатқа айтқызып жұртты тамсандырған болатын. Бұл жолы әнші “Орда” тобының архивтегі видеосын бөлісті. Видеодан жігіттердің дауыстарының да, киіну стильдерінің де басқаша болғанын байқауға болады.

Видеоны көрген желі қолданушылары өз кезектерінде күлкіге қарық болғандарын жеткізді. “Орда” тобы, сіздерді сондай қатты жақсы көремін. Осы құрам керемет еді”, “Орда” – керемет топ. Сіздерді түнімен күтіп отырып тыңдаушы едік. Әсіресе, “Кеш мені” әні шыққан кезде”, “Шаштарын өсіріп алған жігіттерге қарасам, әбден күлкім келеді”,

“Шашы ұзын Ерболат аға ма? Ол дәл сондай сымбатты болды деп ойламаппын. Оны танымай қалдым ғой. Дастан жас кезінде де, қазір де сымбатты”, “Қайран жастық шақ десеңші”, “Күлкім келіп отырғаны-ай. Биді айтсаңшы”, “Біздікілер, әйтеуір, костюм шалбар киіп алып айта береді ғой” деп жазады желі қолданушылары.


Жіберіп алмаңыз:

Айқын Төлепберген артық салмағы үшін алаңдап жүр (фото)

Баян Есентаеваның жаңа сүйіктісінің екі ересек баласы бар (фото)

Санжар Мәдиевтің отбасылық суреттері жұрттың жүрегін елжіретті (фото)

Аша Матай жаңа істі қолға алды

Талқылау