Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бүгін елге оралған “Орда” тобы байқауда болған қызықтарымен бөлісті

«Орда» тобының Turkvizyon-2015 байқауында орындаған әні әлеуметтік желі пайдаланушылары тарапынан сынға ұшырады

gallery_15242_332_237821

Ал 21 желтоқсан күні елге оралған  топ мүшелері Массагет тілшісіне берген жедел сұхбатында өздері орындаған әнде терең ой, терең сезім, философия бар екендігін айтқан.

«Өткен жылы бірінші орынды Жанар алғаннан кейін, бізге қиынға соғарын іштей сездік. Биікке бір шыққан соң, ары қарай имиджді сақтау зор жауапкершілікті талап етеді. Жанар өзінің ұлттық, қазақи нұсқасын көрсетті. Біз Қазақстанды мүлдем басқа қырынан көрсетуді қаладық» деген олар аталған сұхбатта. Ал «Олай емес» әні халыққа несімен ұнамай қалды?» деген сұрақ олардың өздерін де мазалайтын көрінеді. Олардың да көкейінде әнді сынға алушылар «осы әнді мән беріп тыңдады ма екен?» деген сұрақ қалған.

Ал бас жүлдені алған «Қырғызстан өзіне лайық орын алғанын, бәрі әділ болғанын» атап өткен. Ал өздерінің «домбыраны алып шықпағандықтан, қазақи ән айтпағандықтан қазақ болмай қалмайтындықтарын» айтады. «Фольклордың не екенін және әлемдік музыканың не екенін бөліп қарастырып, түсіне білсек өте тамаша болар еді» – деп түйіндеген олар өз ойларын.

 

Талқылау