Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Оразбеков 34 жаста: Дастанның ерекше қырлары

Бүгін – еліміздегі танымал жобаларға атсалысып, түрлі қырымен танылып жүрген Дастан Оразбековтің туған күні.

0

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Сүйікті жар, қамқор әке болған Дастан Жаңатас қаласының тумасы. Кәсіби білімі болмаса да, өз ісінің мамандарынан дәріс алып, бүгінгі таңда “Орда” тобының беделді мүшесі атанған. “Махаббатым жүрегімде”, “Жан жүрегім – Астана”, “Айжан”, “Запрещенные танцы”, “Вузеры” сынды телехикаялар мен фильмдерде басты рөлдерді сомдаған.

2

Аллаға шүкір!

Видео опубликовано Dastan Orazbekov (@dastanello)

DO

Видео опубликовано Dastan Orazbekov (@dastanello)

Әкесі Дәрібай мен анасы Мереке өнерге жақын жандар. Отбасында төрт ағайынды. Ағасы Рүстем де бір кездері “Орда” тобында ән айтқан. Рүстемнен бөлек өзінен жасы кіші Меруерт, Гүлшат есімді қарындастары бар. Жары Жанатпен достары арқылы танысқан. Бір жыл қашықтықтағы достықтан кейін көңіл қосып, артынша Жанатқа тұрмысқа шығу туралы ұсыныс жасайды. Қазір Алдияр есімді ұлдары бар. Өзінің айтуынша, ұсынысты Жанаттың терезесінің алдында таңғы сағат 5-те серенада айтып жасаған. Бірақ, Жанат өлеңнің даусына оянбағандықтан, телефон шалып ұсыныс білдірген.

99

6

3

Ән айтып, би билеу сүйікті ісі болса да, бос уақытын боди-билдинг пен күреске, боксқа арнайды. Бір кездері «Чемпион» атымен тұсауы кесілген жаңа спорттық-сауықтыру думанына қатысып, жеңімпаз атанған. Тыңдармандарын әнмен ғана қуанытып қоймай, соңғы кездері өзін продюсерлік қырымен танытып, “Turkiss” тобын құрды. Мұнымен қатар, заманға сай роликтер түсіретін “Do Company” атты компаниясы бар.

8

Осыдан 16 жыл бұрын құрылған “Орда” тобының мүшелері Дастанды бүгінгі туған күнімен құттықтап, оған 16 жыл достық үшін алғыстарын білдірді.

Талқылау