Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Орамал таққаны үшін жұмысқа алынбаған қыз әділетсіздікті қалай жеңгенін айтты

Ақтөбе тұрғыны қызын орамал таққаны үшін мектепке жұмысқа алмай отырғандығын айтты.

1469773563_1

Бұл туралы Керек-инфо газеті хабарлайды.

“Орамалыңды шешсең ғана жұмысқа аламыз” деген мектеп директоры кейін бос орынның жоқтығын айтып, жас маманды жұмысқа алудан бас тартқан.

Алтынгүл Сәрсенова биыл Қ.Жұбанов атындағы университетті аяқтап, бастауыш сынып мұғалімі мамандығы дипломын алған. Ол жолдамамен қаладағы мектептердің біріне жіберіледі. Бірақ мектеп директоры жас маманға “орамалыңды шешсең ғана жұмысқа аламыз” деген шарт қояды.

“Бұл жерде адам құқығы тапталып отыр. Қызым жолдаманы сәуір айында алды. Сол жолдамамен мектепке барғанда директор орамалын шешуді талап еткен. Көп ойланып, мектеп директорының алдына екінші рет барған қызым орамалды қарапайым түрде тағып жүретіндігін айтқан. Ешқандай нәтиже болмады. Қолына дипломын алып, қайта барғанымызда мектеп басшысы бос орынның жоқ екендігін айтты. Орамал таққандардың бәрі бірдей қауіпті емес қой. Мен күзетші болып жұмыс істеймін. Балаларымды ақылы бөлімде оқыттым. Қатарынан қалмасын, білім алсын деп. Жоғары білімі болса да, жұмысқа орналаса алмай жүр. Прокуратураға да арыз жаздым”,  – дейді Алтынгүлдің әкесі Арыстанбек Сәрсенов.

Орамалды үш жыл бұрын, университет қабырғасында жүріп таққан Алтынгүл, мектепте талап етілген киім үлгісін киюге дайын екендігін айтты. Тек орамал тағуға рұқсат етсе дейді.

“Басқа жеке ұйымдардан да жұмыс іздеп жүрмін. Бірақ мұғалім болғым келеді”,  – дейді жас маман.

Бұл мәселеге байланысты жауап берген қалалық білім бөлімінің басшысы Ләззат Оразбаева, бос орын болса, заңды түрде барып тұрған маманнан директордың бас тартуға құқығы жоқ екенін жеткізді.

Кейін қалалық білім бөлімі Алтынгүл Сәрсенованың №22 орта мектепке жұмысқа орналасқанын хабарлады. Ол орыс мектебінің бастауыш сыныбына сабақ беретін болады. Ал жұмысқа алу туралы бұйрық 1 қыркүйекте шықпақ.

Жіберіп алмаңыз:

Кафе жағалап көңіл көтеріп үйренген қыз қалай хиджаб кигенін айтып берді

Қазақстанның бас мүфтиі мектепте хиджаб киюге қатысты жауап берді

Менің жасырын бостандығым: Иран әйелдері орамалдан бас тартуда (фото)

Талқылау