Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Оралдық зейнеткер магистратурада білім алуда

Оралдық зейнеткер ғаламдық дағдарыстан шығуға бастайтын өзінің бағдарламасын ұсынды. Зейнетке шықса да әлі тың Мұрат аға мемлекеттің тарихын оқи отырып, бағдарлама құрастырған. Бұл бағдарлама 12 тармақтан тұрады,-деп хабарлайды  bnews.kz сайты.

оралдық зейнеткер

«Кезінде қиын 90-жылдардың өзінде біздің ел 1 миллион тонна ет тапсырып тұрады екен. Ал қазір 18 тонна ғана ет дайындайды. Біздің ел мал шаруашылығымен тұрақты айналысатын. Бұл қазір сәл де болса кенжелеп қалды. Мен өз бағдарламамды президенттің бағдарламасы бойынша дайындап шықтым», – дейді Мұрат Ғұбайдуллин.

Орал қаласының әкімі зейнеткермен бірге отырып, бағдарламаны талқылауға уәде беріп отыр.

Бір қызығы, Мұрат Ғұбайдуллин зейнетке шыққаннан кейін, 69 жасында Қазақстан Инженерлік Технологиялық Университетіне оқуға түскен. Оны бітіріп, диплом алған соң, тоқтап қалмай, магистратураға тапсырды. Қазір зейнеткер магистратурада оқып жүр.

 

Талқылау