Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Оралда анасы пышақтап тастаған төрт жасар бала мән-жайды айтып берді

Оралда анасының қолынан өліп кете жаздаған төрт жасар Богдан осымен төртінші тәулік қатарынан бейімдеу орталығында өмір сүріп жатыр.

rebyonok

Бұл туралы “Уральская неделя” хабарлайды.

Пышақ жарақатын алған бала облыстық ауруханаға 12 ақпан күні түскен болатын. Жараны емдегеннен кейін дәрігерлер оны ауруханадан шығарған. Кейін бала бейімдеу орталығына орналастырылады.

“Бала барынша не болғанын айтуға тырысты. Біздің қызметкерлер де оны ұғып алу үшін сөйлетті. Айтуынша, әйел баланы аялдама жаққа алып барып, өлтірмекші болған. Баланың ауызын қолымен жауып, оның жүрек тұсына пышақ сілтейді. Бала тек “Мама, керек емес. Ауырды” деп айқайлаған кезде барып, баланы ауруханаға алып келген”, – дейді бейімдеу орталығының басшысы Роза Сүйінішәлиева.

Әйелдің жасы 30-да екен. Айтуынша, ол баланы өзінен 20 жас үлкен ер адамнан туып алған. Алайда ол әйел мен балаға материалдық көмек бермейді екен. Ал әйелдің ата-анасы қайтыс болып, үйі өртеніп кеткен. Баспанасы жоқ ұлы екеуі “Қазақ ауылы” ықшамауданындағы әпкесінің үйін мекендеп келіпті.

Кейін әйел жылап, істеген ісіне өкінетінін айтып баланы қайтарып алғысы келетінін де жеткізген. Кейін қызметкерлер ана мен баланы кездестіріпті. Бірақ, Богдан аз уақыт отырғаны болмаса, қайтадан ойнап жүрген балаларға қосылып кеткен.

Оқи отырыңыз:

Алматы облысы тұрғынының әйелін айуандықпен өлтірген сәті жарияланды (видео)

Әріптесін сотқа берген ақтөбелік имамның арызы жала болып шықты (фото)

Қостанай стансасының бастығы өлім алдындағы хатында не жазды

Алматы облысында ұрылар 5 миллион теңгені өртеп жіберді

Талқылау