Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Оралдық отбасы балалар үйінің бес тәрбиеленушісін асырап алған (фото)

Былтырғы жылы Орал қаласында 39 бала асырап алынса, бесеуі бала қажет ететін отбасыларға берілген. Қалада төрт баладан алып патронатты тәрбиелейтін екі отбасы бар. Сондай көпбалалы ананың бірі Луара Батырғалиева. Ол бүгінде бес бала тәрбиелеп отыр.

deti-2

Бұл туралы Мой Город порталы хабарлайды.

Өткен аптада Қазақстанна асырап алынған екі баланы өгей әкесі өлтірді деген жантүршігерлік ақпарат пайда болған еді. Осы сәтте көпшіліктің пікірі екіге жарылған еді. Бірі шетелге бала сатуды доғару керек десе, бірі трагедиялық оқиға қай жерде де болады, өз елімізден асырап алушылар табылмағаннан кейін шетелдіктер алып кетті деген пікірді алға тартқан.

Ал соңғы жылдары балалар үйінен бала асырап алуға қатысты қазақстандықтардың үлес салмағы басым деуге болады. Сондай отбасылардың бірін Луара Батырғалиева тәрбиелеп отыр. Анасы мен балалары арасында өзара түсіністік, үндестік бар.

“Үлкен қызым тұрмыста. Кішкентайы бар, сондықтан мен бүінде әже атанып отырмын”, – дейді Луара.

Оның айтуынша, Роза әпкесінің үйі қара шаңырақ іспетті. Ол асырап алған 7 жастағы Лунара №6 орта мектепте оқиды. Патронатты тәрбиелеудегі Дананың жасы 14-ке толуы себепті, ол патронаттық жастан шығып кетеді. Луара 1 наурыз алғыс айту күніне орай тағы үш бала асырап алыпты: колледждің екінші курсында оқитын Әсел есімді қыз, 14 жастағы Ринат және 12 жастағы Камилла.

“Олар осыған дейін де барлық демалыстары мен мерекелерді бізде атап өтетін. Сондықтан олардың мінезін, өздерін жақсы танимын. Үш жылдай араласып жүрдік. Менің жиендерімнің арқасында олар біздің отбасымызға тез сіңісіп кетті. Мен күні бойы жұмыстамын. Ал үй шаруасын балалар өздері тындырып қояды”, – дейді Луара.

Балалар Луараны қазақы үлгіде “дәу мама” деп те атайды екен.

Ол балалардың өте белсенді екенін айтты. Олар үнемі тазалық сақтап, ізетті болуға тырысады дейді.

“Мен осыншама баланы алу туралы ешқашан өзім шешім қабылдамас едім. Бұл әпкем Розаның қолдауы арқылы. Мен олардың тәрбиесін дұрыс бере алмай қалармын деп қорқақтайтынмын. Енді мен бұл балаларды өзіме алғандықтан, Алланың алдында да жауапкершіліктері менің мойнымда. Бұл балалар қазір мен үшін қуаныш”, – дейді анасы.

Луара тіпті осынша балаларды өз тәрбиесіне алғандығынан өзінің анасы да бейхабар екен. Ол бұл жаңалықты газет арқылы біліпті.

Луара Батырғалиева қалалық білім басқармасында тәрбие-профилактикалық бөлімінің меңгерушісі болып қызмет істейді. Ол күнделікті жұмыста жүретіндіктен, балаларға әпкесі көмек қолын созады екен. Осы үшін ол сауда нүктесін де ашып қойған.

“Балалар толыққанды тамақтанып, киіммен қамтамасыз етілуі керек деп санаймын. Олардың әрқайсысы үшін 21120 теңге жәрдемақы аламын. Әр жарты жыл сайын оларға не сатып алынғаны туралы есеп беремін. Олар мектепте де тегін тамақтанады. Кеңсе тауарлары, мектеп формасы басқа да керекті кітаптардың барлығы олар үшін тегін беріледі. Қазіргі басты мақсатым – үлкен үй салу”, – дейді Луара.

deti-1  deti-3 deti-4 deti-5 deti-6 deti-7 deti-8 deti-9 deti-10

Талқылау