Оралдық кәсіпкер бизнесін жұмысшыларға бермек

Сәрсенбі, 30 Желтоқсан , 2015 9:05

Батыс Қазақстан облысындағы KSS компаниясының басшысы Барлық Меңдіғазиев бүгін, 29 желтоқсанда өз бизнесін компания жұмысшыларына өткізіп беретінін жариялады.

кәсіпкерррр

Бұл туралы Азаттық радиосы хабарлайды.

Кәсіпкердің сөзінше, мұнай-газ өндіруші компанияларға қызмет көрсететін кәсіпорнының құны шамамен 40 миллион АҚШ долларын құрайды. Компанияда қазір 180 адам жұмыс істейді.

Ақсай қаласында өткен баспасөз жиынында Меңдіғазиев бизнесін компания ұжымын қатерде қалдырғысы келмегендіктен өткізетінін айтты. Ол қоғамдық қызметпен, оның ішінде аймақтағы экологиялық проблемалармен және коррупциямен күреспен айналысуға ниетті.

Меңдіғазиев президенттің тапсырмасы бойынша облыс әкімдіктері жанынан құрылатын қоғамдық кеңеске кіруді жоспарлап отыр. Ол бизнесті азаматтық белсенділікпен бірге жүргізу мүмкін емесін айтады.

2013 жылы Бөрілі аудандық соты Барлық Меңдіғазиевке 500 айлық есептік көрсеткіш (800 мың теңгеден астам қаржы) көлемінде айып салып, бір жылға кәсіпкерлікпен айналысуына тыйым салған. Сот Меңдіғазиевті “жалған кәсіпкерлікпен айналысты” және салықтан жалтарды” деп айыптаған.

Барлық Меңдіғазиев өзінің тексеріске түсуіне “облыс әкімімен арада туған жанжал және экология туралы мәлімдемелері әсер еткенін” айтқан. Ол облыстың Зеленді ауданындағы Январцев ауылы жанында мұнай қалдықтарына полигон салуға қарсы шығып, облыс әкімі Нұрлан Ноғаевтың жұмысын сынаған. Ол сол кезде полигонды салуға “облыс әкімінің өзі мүдделі” деп мәлімдеген. Батыс Қазақстан облыстық әкімшілігі Меңдіғазиев өзіне қарсы қылмыстық іске “саяси астар беруге тырысады” деген.

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
14.12.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар