Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Оралдық бойжеткен сәбиінің жоғалғаны туралы оқиғаны ойдан шығарған

 

Оралда полицейлер жоғалған нәрестеге қатысты істің бетін ашты. 19 жастағы Любовь Баткаева ешқашан бала тумаған болып шықты. Ол бұл оқиғаны ойдан шығарған.

1415860245_beremennaja-mama1

Сурет: www.allwomens.ru 

Бұл туралы BNews.kz хабарлайды.

26 маусым күні полиция бөлімшесіне қала тұрғыны хабарласып, жаңа туған нәрестесін әкесі Дмитрий Алиев ұрлап әкетті деп арызданған.

Ол 25 маусым күні бала босанғанын, алайда медбикенің сәбиін қолынан түсіріп, өлтіріп алғанын айтқан. Осы іске қатысты қылмыстық іс қозғалған.

Алайда келесі жауап беру кезінде Баткаева бұрынғы айтқандарынан жалтарып, басқаша жауап берген.

Оның айтуынша, 16 маусым күні ол өзін нашар сезінгендіктен ата-анасынан ақша алып қалаға кеткенін. Оны Оралдан Дмитрий Алиев күтіп алып, өз үйіне апарғанын айтқан. Ол қызды перзентханаға апарып, сол жерде ұл баланы өмірге келген. Біраз күннен соң бойжеткен мен нәрестесін жедел-жәрдем қызметімен өзге емханаға жеткізбек болған. Жол бойында оған дәрігер бір стакан су ішуге мәжбүрлеген. Осыдан соң қыздың жүрегі айнып, далаға шыққанда, жедел-жәрдем оны тастап кетіп қалған. Осы айтылғандардан соң іс «Бала ұрлау» бабы бойынша қаралды.

Полицейлер Дмитрий Алиев есімді азаматтар мен Toyota Camry көліктерінің барлығын тексерген.

Сот-медициналық зерттеу нәтижесінде Баткаеваның жүкті болмағаны, оның бала босанбағаны анықталды. Соңғы сөзінде ол бұл оқиғаның бәрін ойдан шығарғанын мойындаған. Ол жігітпен кездесіп жүріп, өзін жүктімін деп ойлаған. Сондықтан сабағына бармай, үйінде жатқан. 9 айдан соң анасынан ақша алып, қалаға кеткен. Қалада 10 күн бойы пәтер жалдап, анасына ойдан шығарған әңгімелерін айтып сендіріп отырған.

Енді оны «Жалған ақпарат» айтқаны үшін жауапқа тарту мәселесі қарастырылып жатыр.

Талқылау