Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Оралдық полицейлер биік ғимараттың төбесінен секірмекші болған қызды құтқарып қалды

Оралдық полицейлер 5 қабатты ғимараттың төбесінен секірмекші болған қызды құтқарып қалды, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі.

 

Полиция аға лейтенанты Нұрболат Смағұл мен лейтенант Нұржан Ғұмыров бұл күнді ешқашан ұмытпас. Белгіленген аумақта кезекшілік атқарып жүрген полиция қызметкерлері рация арқылы жас қыздың 5 қабатты ғимараттың шатырына көтеріліп алып, секіруге оқталып тұрғанын естиді.

Бұл оқиға 3 мамыр күні болған. Кешке таман «102» қызметіне әлдебір бойжеткеннің ғимарат төбесінен секіргелі жатқаны туралы хабар келіп түседі. Бұл ақпарат жақын маңда патрульдік кезекшілікте жүрген полиция қызметкерлеріне жіберіледі.

Сол кезде оқиға орнына келген полиция қызметкерлері еш ойланбастан ғимарат шатырына көтерілген. Бірінші болып көтерілген Нұрболат есімді полицей қыздың назарын аудару үшін, онымен келіссөз жүргізе бастайды. Бірақ, қыз оған мүлде жауап бермейді. Дегенмен, полицей әңгімені жалғастыра отырып, ақырындап қызға жақындады да оның қолынан бас салып ұстап қалды. Сөйтіп, әріптесі Нұржан екеуі қызды төменге түсірді.

Қызды аман алып қалғаннан кейін полицейлер оны бөлімшеге алып келіп, қажетті тергеу шараларын жүргізді. Түсіндіру жұмыстары жүргізілген соң қызды туыстары үйіне алып кетті.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр