Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Оралдық белсенді алаңға бос плакат ұстап шыққан: Полиция оның әрекетін бағалау үшін прокуратураға жүгінді

Оралда алаңға бос плакат ұстап шыққан жігіттің ұстаған полиция прокуратураға жүгініп, белсендінің әрекетін анықтауды сұрады. полицйелер белсенді «өзінің пікірін» білдіргені үшін кінәлі деп санайды. Алайда прокурорлардың көмегінсіз оның әрекетін бағалай алмайды.

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі «Уральская неделья» басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Белсендіні тұтқындап, жарты сағаттан кейін босатқан полиция ертесі күні оның әрекетінде бейбіт шеру өткізу тәртібіне қатысты заң бұзушылық белгілері бар екенін мәлімдеген. 

«6 мамырда сағат 11-дің шамасында «102» операторының пультіне Абай атындағы алаңда плакат ұстаған ер адамның тұрғаны, оның жанына адамдар жинала бастағаны туралы қоңырау түсті. Ол патруль полициясымен Абай аудандық полиция бөлімшесіне жеткізілді. Оның тұлғасы мен не үшін плакат ұстап шыққан анықталғаннан кейін, 22 жастағы облыс тұрғыны полиция бөлімшесінен шықты. Бұл ретте полиция қызметкерлері Заң аясында әрекет етті. Оның әрекетінен ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 488-бабына (ҚР бейбiт жиналыстарды, митингiлерді, шерулерді, пикеттер мен демонстрацияларды ұйымдастыру және өткiзу тәртiбi туралы заңнамасын бұзу) сәйкес құқық бұзушылық белгілері бар деп қаралып отыр. Қазіргі уақытта материал заңгерлік баға берілуі үшін, прокуратураға жіберілді», – делінеді хабарламада.  

Департаменттің баспасөз қызметінің жетекшісі Болатбек Белдібеков 22 жастағы Аслан Сағутдиновтың бос плакат үшін емес, өз пікірін білдіргені үшін ұсталғанын атап өтті.

«Құқық бұзушылықтың объективті жағы бос плакатты ұстап шығуы емес, «Қазақстанда демократия мен сөз бостандығы жоқ» екені туралы саяси пікірін білдіруі», - дейді Болатбек Белдібеков.

Еске сала кетсек, бұған дейін Оралда 22 жастағы жігіттің алаңға бос плакат ұстап шыққаны үшін тұтқындалып, артынша босатылғанын хабарлаған едік.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр