Оралдағы көпқабатты үйлердің бірінің қабырғасында көлемді жарықшақ пайда болды

Оралдағы тоғыз қабатты тұрғын үй төрт жыл бұрын пайдалануға берілген. Тұрғындардың айтуынша, жаңа құрылыстың кемшін тұстары көп екен.

20161004143616

Бұл туралы “Мой Город” порталы хабарлайды.

“Жаңа орда” ықшамауданындағы №9 үйдің тұрғыны Алмагүл Давыдованың айтуынша, көпқабатты үйде пайда болған жарықты оның күйеуі байқап қалыпты.

“Үйге келгеннен кейін күйеуім үйдің сұлулық салоны орналасқан қапталында жарық пайда болғанын айтты. Сосын суретті де көрсетті. Онда жарық шатырдан бастап, 7-ші қабатқа дейін жеткені байқалады”, – дейді ол.

“Талай мәрте су басып кетті. Кіреберіс суға толып тұратын. Мұның бәрі сапасыз сантехниканың арқасында. Ыстық судың трубалары жарылып кеткен. Сан мәрте кәріз құбыры істен шығып, жуынатын бөлменің де берекесі қашты. Ал кәріз құбыры құрылыс қоқыстарымен толып қалған. Біраз бұрын Пәтер Иелері Кооперативі келіп ауланың жартысын қазып, сосын іздерінде қалған қоқыстарды да жинамай кеткен”, – деп шағымданды әйел.

Алмагүлдің сөзінше, үйдің құрылысы ұзаққа созылған. Ал іргетастың дұрыс қойылмауынан кей үйлердің балкон есіктері қисайып тұрады екен.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
23.04.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар