Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Оралдағы Қайрат Нұртастың концертінде қыздар төбелес шығарды (фото, видео)

Эстрада жұлдызы Қайрат Нұртастың Оралда берген концерті кезінде ыңғайсыз жағдай орын алды.

den-goroda-koncert-16-800x600

Бұл туралы “Мой Город” порталы хабарлайды.

Концерт Атоян атындағы стадионда болған. Жергілікті әртістерден бөлек сахнаға эстрада жұлдыздары Тұрсынбек Қабатов пен Қайрат Нұртас шыққан.

den-goroda-koncert-17-800x600

Қазақстандық қыздардың миллиондаған жанкүйер қыздары концерт соңында шу шығарған. Көпшілік әншіні ерекше құрметпен қарсы алған. Адамдар трибунада, тіпті алаңға шығып кетіп билеген.

Қайрат Нұртастың жанкүйерлері қоршауды бұзып өтіп, полицейлерден құралған қорғанды, тіпті Ұлттық гвардияның әскерилерін де баса көктеп өтіп кеткен.

den-goroda-koncert-20-800x600

Дәл сол қоршауда екі қыз бір-бірімен төбелесіп қалады. Бірақ, полицейлер оларды жылдам ажыратып жіберуге тырысқан.

Талқылау