Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Оралдағы дүкенде сатушылар ұрланған телефонды саудалаған

Оралдағы дүкендердің бірінде сатушылар ұрланған ұялы телефонды саудаға шығарған. №2 қалалық сотқа 2015 жылдың 5 қарашасында LG Н502 FMagna маркалы телефонды жеңілдікпен 29 990 теңгеге сатып алған зардап шеккен тұрғын шағым түсірген.

159

Сурет ferra.ru

“2016 жылдың қаңтар айында оны полиция телефон ұрлады деген күдікпен тұтқындап, ұялы телефонды алып алған. Ол өзіне осындай телефонды сатқан дүкенге баруды тәртіп сақшыларына түсіндіріп бағады. Кейінірек, дүкендегі сатушылардың ұялы телефонның қорапшасын ауыстырып сатқаны белгілі болды”, – делінген БҚО сотының баспасөз хабарламасында.

Істі қарау барысында шынымен де ұрланған телефонды сатқандары белгілі болды. Ешкім байқамас үшін олар қорапшаны ауыстырып отырған. Заңсыз әрекеттерімен моральдық шығын келтірді деп айыпталып, сатушыға 35 000 теңге айыппұл салынды.

Талқылау