Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атырауда әйелдер абақтысында сұлулар байқауы өтті (фото)

Салтанатты шаралар абақтыларда да өтіп тұрады. Батыс өңіріндегі бірден-бір УГ-157/11 әйелдер колониясында сұлулық байқауы өткізілді.

еку

Бұл туралы azh.kz хабарлайды.

146

Бұл байқау осы мекемеде жыл сайын өтіп тұрады. Байқауға 5 қыз қатысты. Олар бірнеше байқау кезеңдерінен өтіп, өз жасақтарының намысын қорғады. Би, вокал, қолөнер сайыстарында өнер көрсетіп, шетелдік жұлдыздардың пародиясын салды. Қыздар “Көктем аруы – 2016” атағынан басқа, 30 мың теңге ақшалай жүлдені иелену үшін бақтарын сынады.

орп

Тартыс соңына дейін сақталды, алайда колония қызметкерлерінен құралған қазылар, олардың пікірлерінше, ең тартымды және ең сүйкімді аруды таңдады. Тәжді Жадыра Әлімбаева иеленді. Екінші орын мен 20 мың теңге мөлшеріндегі ақшалай жүлдені Ақнұр Байсариеваға табыс етті, үшінші жүлделі орын мен 10 мың теңге Инесса Стабаеваға бұйырды. Қалған екі қатысушы қызу қошемет пен жұбату сыйлықтарын қанағат тұтты.

рпапав

ртпиам

 

1212

1414 5454

8787

Талқылау