Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Оралда жыныс мүшесін балаларға көрсетпек болған азғын ұсталды

Оралда балабақша ауласында өзін өзі қанағаттандырумен айналысқан азғын ұсталды. Жыныс мүшесін жалаңаштап алған еркек бірнеше күннен бері бүлдіршіндерді маңайлап жүрген, – деп хабарлайды “КТК” арнасы.

2

Азғынды алғашында ата-аналардың бірі байқап қалыпты. Жыныс мүшесін жұртқа көрсету арқылы ләззат алатын ауруды сол жерде полицияға ұстап берген. Қайта, бұл уақытта бүлдіршіндер іште болған екен. Енді ата-аналар №19 балабақша басшылығынан мекеме аумағына жөнді қоршау мен бақылау камераларын орнатуды және күзетті күшейтуді талап етуде.

Ал эксгибиционистің өзі психикалық аурулар орталығында есепте тұр. Қазір қолхатпен бостандыққа жіберілді. Бірақ қауіпті науқастың еркіндікте жүруі жұрттың наразылығын туғызып отыр.

“Ешкімге жәбір көрсетпесе де, дені сау адам балалар ойнайтын жерде осындай ұятсыздықпен айналыса ма? Бөтен кісі балабақша аумағына кіре алмайтындай қылу керек. Біздің сөзімізге мекеме басшылығы мен тәртіп сақшылары құлақ асады деп үміттенемін”, – дейді Орал қаласының тұрғыны Ирина Локтева.


Оқи отырыңыз:

Талқылау