Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Оралда жұмбақ жағдайда жоғалып кеткен студент қыз бір айдан бері табылмай жатыр

Оралда жоғалып кеткен 19 жастағы Гүлдана Тұржанова 36 күннен бері табылмай жатыр.

Оралда жұмбақ жағдайда жоғалып кеткен студент қыз бір айдан бері табылмай жатыр

Қыздың анасы Альбина Төлеуованың сөзінше, полиция қызметкерлері Гүлдананы іздестіріп жатыр. Алайда әлі күнге дейін еш нәтиже жоқ, деп хабарлайды «Мой ГОРОД» порталына сілтеме жасап Stan.kz.

«Қызымның жоғалып кеткеніне бүгін 36 күн болды. Ешқандай із жоқ. өзі байланысқа шықпады. Ешкім ештеңе көрмеген. Әлеуметтік желілер де белсенді емес. Не ойларымды да білмеймін», – дейді Альбина Төлеуова.

Еске сала кетсек, Оралда колледждің 4-курсында оқитын Гүлдана Тұржанова жұмбақ жағдайда жоғалып кетті. Әдетте өзімен алып жүретін жеке заттарын үйде қалдырған бойжеткен белгісіз бағытқа кетіп, сол күйі қайтып оралмаған.

Гүлдана Тұржанова туралы қандай да бір мәліметке ие адамдардан 102 немесе 8 777 569 10 88 (анасының телефон нөмірі) нөмірлеріне хабарласуы сұралады.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау