Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Оралда жолаушылар автобусы көпқабатты үйге соғылды

Болжам бойынша, «Лада калина» маркалы жеңіл көлік автобусқа жол бермеген көрінеді, – деп хабарлайды КТК арнасы.

Түс ауа болған жол апатынан 4 адам зардап шеккен. Олардың ішінде 9 жастағы бала да бар. Абырой болғанда, ешқайсысының жарақаты ауыр емес екен. Дәрігерлер қарағаннан кейін барлығы да үйлеріне жіберілген. Ал қысылып қалған автобус жүргізушісін кабинадан шығаруға полицейлер көмектескен. Дегенмен, ол да айтарлықтай медициналық көмекті қажет етпепті. Ал жеңіл көліктің иесіне қатысты тергеу жүргізіліп жатыр. Кінәсі дәлелденсе, тұрғын үйді де жөндеуіне тура келеді.

Оқи отырыңыз:

Жүк көлігінен ұшқан дөңгелек мотоцикл жүргізушісін қағып кетті (видео)

Қырғыз актері Тәуекелдің бетіне тәтті жағып, ерекше құттықтау әзірледі (видео)

Жылдың үздік қорқынышты фильмдері анықталды

Қарағандыда 60 жастағы әжейдің өліміне кір жуғыш машина себеп болған

Талқылау