Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Оралда жоғалып кеткен жігітті іздеуге еріктілер қосылды

Оралда жоғалып кеткен Андрей Галянинді іздеуге достары мен еріктілері қосылып, қала көшелеріне парақшалар, хабарландырулар іліп жатыр.

счс

Бұл туралы Мой Город порталы хабарлайды.

“Біз Андрейдің достарымен бірге ол баруы мүмкін жерлердің барлығын қарап шықтық. Таппадық. Қазір жұмыстамын, босағаннан кейін қайтадан іздеуге кірісемін”- дейді ағасы Валерий.

Валеридің айтуынша іздеуге еріктілер тобы да қосылып, 28 ақпаннан бастап кірісіп кеткен.

“Маған бірнеше адамдар оны қаладан көргенін айтты. Бірақ, оған сенуге бола ма, болмай ма білмеймін. Кейбіреулері нақты уақытын айта алмады”, – дейді ағасы.

Еске сала кетсек, 25 жастағы Андрей Галянин 20 ақпан күні үйден шығып кетіп оралмаған.

Талқылау