Оралда жетімдер үйінің түлегі екі баласымен қайыр сұрап, күн көріп жүр

Бейсенбі, 14 Қаңтар , 2016 8:19

Анар Есмағұлованы күйеуі екінші баласына аяғы ауыр кезінде-ақ тастап кеткен. Қазір жалғызбасты келіншек жалдап тұрған пәтердің иелері де қарызы үшін оларды далаға қуып шықпақшы. Сондықтан Анар енді қайда барып түнерін де білмейді.

қайыр ана

Бұл туралы ктк арнасы хабарлайды.

Бұл отбасының бар табысы төрт айлық Исламға берілетін 13 мың теңге жәрдемақы ғана. Осы ақшаға Анар бір бөлме жалдап, екі баласын бағып отыр. Ақшадан қысылғанда далаға қайыр сұрауға шығады.
«Жұма сайын, мынау ішімде болғанда, Евразия даңғылы бар сол жерде садақа сұрадым. Таңғы алтыдан бастап кешкі төртке дейін, тоңып жүрдім мына баламен»,- Орал қаласының тұрғыны Анар Есмағұлова.

Жағдайы қанша қиын болса да, келіншектің балаларын жетімдер үйіне өткізгісі жоқ. Өйткені, тұл жетімнің тағдыры өзінің басынан өткен. Әке-шешесі жол апатынан көз жұмғаннан кейін Анар балалар үйінде тәрбиеленіпті. Ондай өмірді балаларым түгілі, жауыма да тілемеймін дейді. Келіншек төрт айлық баласымен жұмысқа да шыға алмай отыр.

«Нан сұраймын, киім сұраймын, болса ақша сұраймын, халықтан жәрдем сұраймын. Өтінемін. Ешкім жоқ менде. Мені далаға тастамыңызшы»,- Орал қаласының тұрғыны Анар Есмағұлова.

Келіншегін жүкті кезінде-ақ тастап кеткен күйеуі балаларына мүлдем қарайласпайды. Қазір Анар әкімдіктегі пәтер кезегінде 835-ші болып тұр. Балаларын асырау үшін ол кіші ұлын балабақша жасындағы қызына тастап, қайыр сұрап кетеді. Қолы кеміс болып туылған ұлына да ота жасату керек. Сондықтан жетім әйел ешқандай көмектен бас тартпаймын дейді.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
24.03.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар