Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Оралда жаңа туған сәбиді гараж сыртына тастаған әйелге қатысты сот отырысы өтті

Бүгін, 8 ақпан күні, Орал қалалық сотында 21 жастағы Виктория Пыркованың ісі қаралды, деп хабарлайды mgorod.kz хабарлайды.

tualet_5

Орал тұрғыны қараша айында сәбиін перзентханада босанып, үйіне шыққан соң, пакетке салып, гараж сыртына лақтырып тастаған.

Сот Виктория Пыркованы «Қауіпті жағдайда қалдыру» бабы бойынша айыпты деп танып, 1 жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарды.

Сотта айтылғандай, қазір сәбиді анасы өзімен бірге алып қарап жатыр. Ол сот отырысында материалдық жағдайының төмендігіне байланысты баласын тастағанын, қазір істеген ісіне өкінетінін айтты. Оның айтуынша, баланы босанған кезде ол күйеуімен ұрысып қалған екен. Қазір олар татуласқан көрінеді. Сондықтан баланы қайтадан өз  қарауларына алған.

Айта кетейік, 4 қараша  күні екі жолаушы гараж сыртынан 5 күн бұрын дүниеге келген нәрестені тауып алған. Сәбдің кеудесінде перзентхананың белгісі болған.

«Тауып алған бала ұл бала болып шықты. Полицейлер оның анасын бірден ұстады. 1994 жылғы жас ана кінәсін мойындады. Қазіргі уақытта аталған іске қатысты ҚР 119 «Қауіпті жағдайда қалдыру» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүріп жатыр, – деп мәлімдеді ІІД баспасөз қызметі.

Сәби суықта қалғандықтан өкпесі қабынған деген диагноз қойылды. Үкім заңды күшіне енген жоқ және қайта арыздануға болады.

Читайте также:

Doll on the rocksМладенцы на трассах: почему женщины в Казахстане убивают собственных детей

Талқылау