Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Оралда ұшты-күйлі жоғалған жігітке іздеу жарияланды

Оралда жоғалып кеткен 25 жастағы жігітті тәртіп сақшыларымен қоса тұрғындар да іздеуге кірісті. 20-шы ақпан күні үйінен шықан Андрей Галяниннен әлі күнге хабар жоқ. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлайды.

414

Туыстары оның мән-жайды түсіндірмей кетіп қалатындай араларында ұрыс-керістің болмағанын айтуда. Ал жоғалардан бұрын оның ұялы телефонын сатып жібергені анықталды. Полиция үшін бұл жалғыз ілік боп тұр. Енді оны іздеуге көп адам жұмылды.

Әлеуметтік желілерде Андрейдің суреттері жарияланып, құрылған ерікті топ қала сыртындағы саяжайларды, елді мекендер мен орман алқаптарын аралап кетті. Соңғы уақытта із-түзсіз кеткен жігіттердің өлі табылып жатқанынан үрейленген туыстары Андрей Галянинді көрген-білгендер болса полицияға хабарласуды өтініп отыр.

Талқылау