Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Оралда тура жанармай бекетінің қасынан балабақша салынып жатыр

Орал қаласының солтүстігіндегі Ықсанов көшесінде 240 орынға лайықталған балабақша салынып жатыр.

Безымянный

Бұл туралы “Мой Город” хабарлайды.

11 айда салынып бітуі тиіс нысан құрылысына 634617,79 мың теңге бөлінген екен. Дегенмен тұрғындар балалар нысанының тура теміржол, көлік жөндеу орталығы және жанармай бекетінің қасынан салынып жатқанын түсіне алар емес.

Бөрілі ауданы әкімінің орынбасары Қайрат Өтегеновтың айтуынша, балабақша құрылысының жобалық-сметалық құжаты 2014-2015 жылдары жасалған. Ол кезде берілген санитарлық-эпидемиялық келісім бойынша, аталған жер телімі барлық санитарлық нормаларға сай келеді деп көрсетілген.

Оқи отырыңыз:

Педофилді соққыға жыққан сержант бостандыққа шықты

Мысырда ұсталған 6 қазақстандықтың тағдыры әлі күнге белгісіз

Қазақстандық келіншек өз еркімен күйеуіне тоқал іздеп жүр

Оқушы қызбен жыныстық қатынасқа түскен дін қызметкері сотталды

Талқылау