Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Оралда түлектер мектеп бітіру кеші үшін қыруар ақша жұмсамақ

Оралда мектеп бітіру кеші үшін, мектеп түлектерінің ата-анасы 100-1500 мың теңге көлемінде шығынданады екен.

мсч

Бұл туралы Экспресс К басылымы хабарлайды.

Әрине, түлектер бірінші кезекте сәнді көйлектері мен әдемі костюмдерін дайындап, түрлі аксессуарларын сайлап қоштасу кешіне дайындалады. Осылайша балаларды ақ батамен емес, көркі көз тартатын киіммен шығарып салу сәнге айналуда. Ал бұл әдетті тыюға ешкім құлықты емес секілді.

Тіпті, ауқаттылар табысы орта деңгейдегі ата-ананы мектеп бітіру кешіне жұмсалатын ақшадан аянып қалмауды айтып үгіттейді екен.

Бұл ретте тым құрыса облыстық білім басқармасы мектептегі мерекелік кештер үшін ақша жинауға тыйым сала ма деген заңды сауал туындайды. Бұл туралы мекеме әлі жақ ашып пікір білдірмеді. Ал қаладағы танымал мейрамханалардың бәріне 17 маусым күні мектеп бітіру кештері белгіленіп қойған.

Талқылау