Оралда сыныптасымен «әзілдескен» полиция қызметкеріне 991 мың теңге айыппұл салынды

Сәрсенбі, 23 Желтоқсан , 2015 8:34

Ақжайық аудандық сотының үкімімен А. қызмет бабын пайдаланып, қолдан жалған құжат жасап, кінәсіз адамды айыпқа тартқаны үшін ҚР ҚК 416-бабы 2-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 991 мың теңге көлемінде айыппұл салынды.

namore

Аталмыш соттың бас маманы Алмагүл Құспанованың айтуынша, оқиға былайша өрбіген. Ақжайық аудандық ішкі істер бөлімінің әкімшілік полиция бөлімшесінде учаскелік полиция инспекторының көмекшісі қызметін атқарып жүрген кезінде А. өткен қыста Оралда тұратын сыныптас досы Б-ға қатысты бір «қызық» жасапты.

Төңіректегі ауылдардың бірінде, әкімдіктің ауласында темекі шегіп, қоғамдық ортаны сыйламаушылық танытқаны үшін Б-ға 5 946 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салған. Сірә, инспектор көмекшісі қызметте бір көрсеткішін көтермекші болған шығар. Алайда ол сыныптасы ондай ауылға мүлдем барып көрмеген де, ондай құқықбұзушылық жасамаған да.

Бұл әрекетін А. өзінің әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттама мен қаулы толтыра алатын құзыреттілігін пайдалана отырып жүзеге асырған. Негізі, о баста осы жайында досына айтып ескертпекші болыпты, бірақ ұмытып кеткен сабазың. Нәтижесінде аталған әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттама бойынша Б-ға қатысты атқару парағы толтырылып, сот орындаушыларына жолданған.

Сол бойынша Б. сот орындау басқармасына шақырылып, одан қоғамдық ортаны сыйламаушылық танытқаны үшін 5 946 теңге көлемінде салынған әкімшілік айыппұл төлеуді талап етілгенде, ол шалқасынан түседі. Яғни, өмірінде әлгіндей оқиға жасамағынын айтып ақталған және өзіне қатысты толтырылған хаттаманың заңсыз екендігін дәлелдеу мақсатында құқық қорғау органдарына жүгінген. Нәтижесінде А-ның жоғарыда аталған әрекетімен құжаттардың қолдан жасағандығы және заңсыздығы әшкереленіп, қылмыстық іс сотқа жеткізілді.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
23.10.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар