Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Оралда шенеунік қызметтік кабинетінде асылып тұрған күйінде табылды

Батыс Қазақстан облысының Кәсіпкерлік және индустриялық даму басқармасының басшысының орынбасары 5 наурызда асылып тұрған күйінде табылды.

Оралда шенеунік қызметтік кабинетінде асылып тұрған күйінде табылды

Бұл туралы «Мой ГОРОД» порталына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды. 

Полиция мәліметінше, ғимараттан асылып тұрған ер аадмның денесі табылғаны туралы мәлімет 5 наурызда кешкі сағат 21:00 шамасында түскен.

«Кәсіпкерлік басқармасы басшысының орынбасарының денесі қызметтік кабинетінен табылды. Өлімінің себебі – механикалық асфиксия. Хат табылған жоқ. Аталған факт бойынша, ҚР ҚК 105-бабына (Өзіне қол жұмсауға жеткізу) сәйкес қылмыстық іс қозғалды», - дейді Орал қалалық полиция басқармасындағылар.

БҚО полиция департаментіндегілер сот-медициналық сарапшы алдын ала тексеру кезінде азаптап өлтіру белгілерін таппағанын айтты. 

30 жастағы Хасен Тоясов кәсіпкерлік басқармасында 2011 жылдан бері бас маман, бөлім басшысы болып жұмыс істеген. 2018 жылдың қазан айында басқарма басшысының орынбасары қызметіне тағайындалған.
Қызметкердің көз жұмғаны туралы ақпаратты басқармадағылар да растады. Әріптестері оның кәсібилігі мен жауапкершілігі жоғары болғанын атап өтті.

«Хасен Тоясовтың мезгілсіз қазасына байланысты туыстары мен жақындарына көңіл айтамыз. Ол өз ісіне берілген адам еді. Сол арқылы үлкен беделге ие болып, әріптестерінің арасында сыйлы болды. Біз үшін ол нағыз дос және тамаша адам болды. Оның өлімі – барлығымыз үшін орны толмас қаза», - дейді марқұмның әріптесі, кәсіпкерлік басқармасының басшысы Арман Жалмағамбетов.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Загрузка...
Қазір оқып жатыр