Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Оралда сал болып қалған әйел су басқан жатақхананың бір бөлмесінде тұрып жатыр

Ішінде ешқандай тазалық сақталмаған, жеделсатысы жоқ жатақхананың 9-қабатында денесі сал болып қалған науқас әйел тұрып жатыр.

IMG_4296-700x467

Бұл туралы STAN.KZ uralskweek.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

“Юнасть” деп аталатын 9 қабатты жатақхананың төбесінен жыл сайын су тамып, тұрғындарды әбігерге салады. Әсіресе, биылғы күзде жаңбыр жауған сайын төбеден көп мөлшерде су аққан. Тіпті, ылғалдықтан кей жерде электр жарығын да өшіріп тастаған. Осы жатақаханада денесі сал болып қалған әйел де тұрып жатыр. 9 қабатты жатақхананың ең жоғарғы қабатына тұрғындар күніге жаяу шығады. Дәліздің іші кір-қожалақ, еш тазалық сақталмаған.

62-667x1000

“Өзіміз құрылыс материалдарын сатып алып, жөндеп қоямыз”,- дейді сондағы науқас әйел. Барлық жер су ағып кетпес үшін койылғаншелектер мен едендерге толы.

102-700x467 “Төбеден су ағып кетеді. Ылғалдықтан туберкулез ауруына шалдығып жатырмыз”, – дейді Хакима атты тұрғын.

313-700x467
Құжат бойынша бұл бөлмеде 8 адам тұрады. Үй иесі – Жанат Куатов деген азамат. Оның аурушаң әйелі Бәтима және 6 баласы бар. Үлкен балалары туысқандарының үйінде тұрып жатыр. Өйткені, мұндай жағдайда тұру мүмкін емес. Үлкен ұлдары әйелі қайтыс болған соң ауылына кетіп қалған. Немерелерін әке-шешесіне тастап кеткен. Алайда, немерелерін асырауға шамасы келмеген әке оларды жетімдер үйіне өткізуге мәжбүр болады. Ол отбасындада жалғыз өзі ғана жұмыс істейді. Жұмыс та істеп, әйеліне де қарап үлгеріп жүр. Науқас әйелін мүгедектер үйіне өткізгісі келмейді. 57-700x467
Ол жақта оған кім қасықпен тамақ беріп отырады дейсіз? Укол салады да қояды. Ол менің 6 баламның анасы ғой.
Дәл қазір бұл отбасының басты мәселесі төбесі жабылмаған шатыр. Бұл мәселенің орын алғанына биыл бесінші жыл. Әр күз, көктем сайы су кетіп, тіпті ұйықтау мүмкін болмай қалады. Олар көп балалы отбасы ретінде пәтер алуға жазылып қойған. Алайда, әлі 206-кезекте тұр.

82-700x467

73-700x467122-700x467

217-700x46793-700x467

Талқылау