Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Оралда полицейлер қызды 2 қабаттан түсіріп алды (видео)

Оралда тәртіп сақшылары 2 қабатта тұрған жерінен түсіріп алды. Оқиға 4 наурыз күні Достық даңғылы бойындағы көпқабатты үйлердің бірінде орын алған.

1234

Бұл туралы Мой Город порталы хабарлайды.

4 наурыз күні полиция бөлімшесіне көпқабатты үй балконында қыздың отырғаны, оның өз-өзіне қол жұмсауы мүмкін екендігі туралы хабарлама түседі. Оқиға орынына барған полицейлер балкон шатырында отырған қызды және оның қасында жатқан бірнеше қалташаны көреді.

Взвод командирі Абулхайыр Мұхит пен Нұрболат Смағұл терезедегі темір жапсырмалар арқылы балконға көтеріледі. Ал аға сержант Бағдат Әлібеков пен Асланбек Сәлекеев пәтерге кіріп, қызды іштен құтқарып қалуға тырысады. Қыз мас күйде болған.

Ол досымен ұрсып қалуы себепті, осындай әрекетке барғанын айтыпты. Қазіргі кезде болған оқиғаны полицейлер зерттеп жатыр.

Талқылау