Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Оралда оқушы қыз жігітімен ұрысып қалған соң асылып қалған

20 қазан күні түнде оқушы қыз өз үйінің ауласында асылып қалған. Болжам бойынша оның өзіне қол жұмсауына жігітімен ұрысып қалғаны себеп.

62899_1

Бұл туралы Уральская неделя хабарлайды.

Облыстық прокуратура баспасөз қызметінің мәліметінше, қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр.

Қалалық білім бөліміндегілер оқушы қыздың №39 мектепте оқығанын айтты. Өзге ақпаратты редакция атынан жолданған жазбаша түрдегі хаттан соң жауап беретіндерін жеткізді.

Жыл басынан бері бұл оқушылар арасында өзіне қол салған екінші оқиға болып отыр. 23 қыркүйек күні Жаңадол ауылында оқушы бала асылып қалған еді.

Талқылау