Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Оралда оқушы балаға оқ тиді

Оралда оқушыға оқ тиді. 14 жастағы жасөспірім мойнынан жараланған. Батыс Қазақстан облыстық денсаулық сақтау департаментінің мамандары хабарлағандай, оқиға 21 қаңтар күні болған.

Мойын омыртқасынан оқ тиген 14 жастағы оқушы, облыстық көпбейінді балалар ауруханасына жеткізілген, деп хабарлайды Астана арнасы.

Жергілікті нейрохирургтер оны аман алып қалу үшін, күш салып жатыр. Ал БҚО ІІД баспасөз қызметі оқыс оқиғаның қалай болғаны туралы нақты ақпаратты кейінге қалдырып отыр.

“Жасөспірімнің жағдайы әлі ауыр, бірақ қалыпты деп бағаланып отыр. Қазір жансақтау бөлімінде. Тиісті ем-домның бәрі жасалып жатыр”, – дейді БҚО денсаулық сақтау басқармасы бастығының орынбасары Нұрданат Беркінғали.

Тағы да оқыңыз:

Шымкент әкімі есеп беруді орысша жүргізбеген аудан әкіміне ұрсып тастады

Шымкентте сарбаздар жүкті әйелді құтқарып қалды

Шымкенттік студент күріш қауызынан аккумулятор жасауды ойлап тапты

Талқылау