Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Оралда науқастың үйіне келген медбикеге ер адам шабуылдап, ұрып кетті

Оралда медбикеге шабуылдаған ер адам ұсталды. Ол медбикені ұрып-соғып, сөмкесі мен телефонын алып кеткен.

19 қыркүйек күні медбике науқастың үйіне дәрі-дәрмек жетккізбек болған. Осы кезде ер адам шабуылдап, дене жарақатын салған. Медбикенің сөмкесі мен телефонын тартып алған. Өзі оқиға орнына қашып кетті. Оқиға күндіз болды.

Орал қаласы ішкі істер басқармасы бастығының бірінші орынбасары Нұрлан Бисеновтің айтуынша, күдікті көп ұзамай қолға түсті. Қолхат жазып босатылды. Қазір “Адам тонау” бабы бойынша тергеу жүруде.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау