Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Оралда нәрестесін жертөлеге тастаған бейбүйрек ана іздестіріліп жатыр

Нәрестесін жертөлеге тастаған! Оралда туғанына шамамен екі апта болған ұл бала жаңадан салынып жатқан ғимараттың астыңғы қабатынан табылды,-деп жазды КТК арнасы.

періште

Құрылыс алаңында қараусыз қалса да сәбидің денсаулығына ешқандай зиян келмепті. Қазір жергілікті полиция жұртпен бірге жабылып безбүйрек ананы іздестіріп жатыр.

Әлі есімі қойылып үлгермеген ұл баланы кеше кешкісін құрылыстың төменгі қабатындағы мына қуыстан қарауыл тауып алыпты. Сол бойда дереу полиция мен жедел жәрдем шақырып, сәби балалар ауруханасына жеткізілген. Тұла бойын тексеріп шыққан дәрігерлер баланың жағдайы жақсы деп отыр.

«Түскен кездегі жағдайы өте жақсы. Салмағы 3 келі 340. Тамақтануы, үсті таза, кіндігі суланбаған, тамақ ішуі жақсы»,-дейді БҚО Көпсалалы балалар ауруханасының аға медбикесі Сәния Қалижанова.

Дәрігерлердің айтуынша, нәрестенің туғанына шамамен 10-14 күн болған. Әкелген кезде үстіндегі киімі де тап-таза болыпты. Осындайда қиын жағдайға тап болып едім деп жазып қалдыратын аналарының бір тілім қағазы бұл сәбиден табылмаған.

« Қазіргі уақытта Орал қалалық ІІД тергеу жүргізіп жатыр. Анасының аты-жөні анықталуда. Және «жаңа туған нәрестені қауіпті жағдайда қалдыру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалады»,-дейді Орал қалалық жергілікті полиция қызметінің аға инспекторы Динара Абдулкаликова.

Көкек ананың өзін полиция бүгін екінші күн қатарынан ит қосып іздеп таппай жатыр. Ол табылмайынша, сәби ауруханада болады. Ал, ізім-ғайым хабарсыз кетсе, жетімдер үйіне біржолата өткізіледі.

Оқи отырыңыздар:

Мақпал Жүнісованың Астанаға арнаған әні көпті таңдай қақтырды (видео)

“Меломен” тобының үш бірдей әншісіне демеушілер пәтер алып берді

Ертегіге айналған ғажап күн: Диана Шарапованың перзентханадан шығуы қалай өтті? (фото)

Қарақат Әбілдина қызы Аяланы қырқынан шығарды (фото)

Димашқа концерті кезінде тарай бастаған тыңдармандарын тыныштандыруға тура келді (видео)

Талқылау