Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Оралда нәрестемді медбике ұрлап кетті деп жалған айтқан әйел сотталып кетті

Орал қалалық сотының үкімімен Баткаева ҚР ҚК 419-бабы 3-бөлігіне (ауыр қалмыстың жасағаны туралы адамды айыптап, көрінеу жалған сөз жеткізу) сәйкес айыпты деп танылып, оның үш жылға бас бостандығы шектеліп, пробациялық бақылау орнатылды.

1415810007_derzhat-rebenka1

Бұл туралы Қазақпарат хабарлайды.

Орал қалалық сотынан түскен мәліметке қарағанда, Баткаева биылғы маусым айының аяғында медицина мекемесінде босанғаннан кейін сәбиін мейірбикенің түсіріп алғаны жөнінде ішкі істер органдарына шағымданған. Осы дерек бойынша ҚР ҚК 317-бабы 3-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Біраз уақыт өткен соң Баткаева айтқандарын өзгертіп, Д. деген азаматтың нәрестені ұрлап кеткені жөнінде хабарлаған. Осыған байланысты қылмыстық іс ҚР ҚК 125-бабы 2-бөлігі 5-тармағына (кәмелетке толмаған адамды ұрлау) ауыстырылған. Алайда шілде айының ортасында сотталушы өз айтқандарының бәрі де жалған екендігін мәлімдеді. Сөйтіп ол өтірікті боратып, жұртты босқа дүрліктіріп жүрген болып шықты.

Тергеу барысында қала прокуроры мен сотталушы арасында кінәні мойындау туралы процессуалдық келісім жасалды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Жіберіп алмаңыз:

Мұхтар Тайжан министр Ермекбаевтың мешітте уағызды орыс тілінде айту ұсынысына қарсы шықты

Шымкентте дәретхана құбырынан 5-6 айлық шарананың денесі табылды (фото)

Өгей әке 3 жасар қызды бассейнге тұншықтырып өлтірді (видео)

Талқылау