Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Оралда мектеп оқушысы өз-өзіне қол жұмсады

Қайғылы оқиға 9 сәуір күні кешке болған. Неліктен ондай қадамға барғанын ешкім де айтып бере алмады.

19461

Сурет yurist-rb.ru

Бұл туралы Мой Город порталы хабарлайды.

15 жасар мектеп оқушысы өзінің үйінде асылып қайтыс болған. Қыздың отбасы өте ауқатты тұрған. Оның өмірден баз кешіп, өз-өзін неліктен өлімге қиғаны белгісіз.

Мектеп директорының айтуынша, оқушы әркез өзін көңілді ұстап жүрген.

“Ол сабақты өте керемет оқымаса да, үзбей қатысатын. Мектепте оның ешқандай проблемасы болған емес. Отбасылық жағдайы да бірқалыпты болды. Әкесі мен шешесі қызы үшін барлығын жасады”, – дейді №2 орта мектеп директоры Әлима Төреғалиева.

БҚО ішкі істер департаменті аталған іске қатыс пікір білдірді.

“Өз-өзін өлтіру фактісіне байланысты қылмыстық іс қозғалды. Қазір зерттеу жүргізіліп жатыр”, – дейді БҚО ІІД баспасөз қызметі.

Талқылау