Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Оралда мектеп-интернаттағы асхананың 16 жұмысшысы қызметінен қуылды

Талантты балаларға арналған Дарын мектеп-интернатының тағамына жауапты 16 жұмысшы қызметінен кетті. Мектеп директоры мен 7 қызметкерге сөгіс жарияланды.

0a1fdcaf-9b06-47e8-a748-cf6d9bb09e9d

Бұл туралы Мой Город хабарлайды.

«Талантты балаларға арналған Дарын мектеп-интернатының тағамына жауапты 16 жұмысшы қызметінен кетті», – дейді БҚО білім басқармасының бөлім жетекшісі Хажарбиби Искендарова. Мектеп директоры мен 7 қызметкерге сөгіс жарияланған.

Айта кетейік, 30 қазанда «Дарын» мектеп –интернатының 19 оқушысы аурухананың жұқпалы аурулар бөліміне жатқызылған болатын.  Сол күні түстен кейін ауруханаға түскен балалар саны 50-ге жеткені белгілі болды. Ал, 31 күні бұл көрсеткіш 100 адамға дейін жетті. 2 қарашада БҚО денсаулық сақтау басқармасының жетекшісі Қамидолла Ирменов ауруханада 126 баланың жатқанын, мектеп асханасында берілген тағам құрамынан сальмонелла бактериясы табылғанын мәлімдеді.

10 қараша күні барлық оқушы ауруханадан шықты. Мектеп асханасының 21 жұмысшысы тексеруден өтті.

Талқылау