Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Оралда көңілдесі мен 8 жасар қызын өлтіру үшін киллер жалдаған зейнеткер сотталды

9 маусым күні мамандандырылған ауданаралық қылмыстық соты Нұрлан Губашевты кінәлі деп тапты. 70 жастағы Хайролла Исмағұлов адам өлтірмек болғаны үшін айыпты деп танылып, 15 жылға бас бостандығынан айырылды.

ismagulov-700x467

Фото: Уральская неделя

Бұл туралы Мой город хабарлайды.

Оның сыбайласы Арман Төлегенов те 15 жылға бас бостандығынан айырылды.

Сот отырысына мәлім болғандай, Хайролла Исмағұлов Ақтөбе тұрғыны Ақмарал Тойшыбаевамен танысып, екеуінің арасында жақын қатынас болғаны айтылды. 2007 жылы олардың Ләйлә есімді қыздары өмірге келген. Бастапқыда зейнеткер көңілдесі мен қызына көмектесіп, ақша жіберіп тұрған. Айыпталушының айтуынша, ол айына 150-200 мың теңге көлесінде ақша берген екен.

Кейіннен Исмағұлов оларға материалды тұрғыда көмек көрсетпей кеткен. Сонда Тойшыбаева келіп жанжал шығарып, айыпталушы полиция шақыртқан.

ТойшыбаеваАқтөбеде Исмағұловты қызының әкесі деп жазуға сотқа арызданған. Осы кезде Исмағұлов оны да, қызын да өлтіруге бел байлаған. Ол бұл істі Арман Төлегеновке тапсырған.

Бұған дейін Оралда әкесінің қызы мен көңілдесін өлтіру үшін киллер жалдағанын хабарлағанбыз.

Атырау облысының ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкері адам өлтіру ісін қолға алмақ болады. Олар әлі ақшаға келіспегендіктен, Исмағұлов өзінің бұрынғы әріптесі Снеговойды 700 мың теңгеге жалдайды.

sud-ismagulov1111-800x600

Снеговой бұл туралы көршісі Сивухаға айтады. Олар исмағұловты «лақтырып» кетуді ойлайды. Олар аванс ретінде 350 мың теңгені алып, Ақтөбеге де барып келген. Бірақ іс адам өліміне дейін бармаған. Олардың бірі Ресейге, бірі Ақжайық ауданына кетіп қалады.

Істің соңы ослай болғанын білген соң Исмағұлов бұрынғы полиция қызметкерімен қайтадан келісе бастайды. Олар 5 мың долларға үлкенін өлтіріп, кішісін қалдырмақ болады. Үлкені деп отырғаны – Тойшыбаева, кішісі –қызы. Тапсырыс пен ақша беру ісін Төлегенов атқарады.

Ол тапсырыстың орындалғанына дәлел ретінде Тойшыбаеваның көлік кілті мен тұялы телефонын әкеліп береді. Олар телефонды қарап тұрған кезде, Исмағұлов пен Төлегенов құрықталады.

Сот Снеговой мен Сивуханы 3 жылға бас бостандығынан айырды.

Исмағұлов сот шешімі бойынша үкім заңды күшіне енген соң бір айдың ішінде Тойшыбаеваға 1 миллион теңге моральді өтемақы мен 187 мың теңге көлемінде материалдық шығынын өтеуі тиіс.

Сот шешімінен кейін Исмағұлов шешімнің түсініксіз екенін оған келіспейтіні айтты. Және сот төрешісінен журналистер алдында жауап беруге рұқсат сұрады.

Шешім заңды күшіне енген жоқ.

Жіберіп алмаңыз:

БҚО-да көңілдесін өлтірмек болған шенеунік киллерді әкімдіктен тапқан

Таразда 90-ға таяған кейуананы баспанасы үшін киллер жалдап өлтірмек болған әйел сотталды

Жамбыл облысында ақысына жалданған киллер 88 жастағы құрбанын аяп, өлтіруден бас тартқан

Талқылау