Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Оралда көлік пойыз астында қалып, екі адам көз жұмды

Оралда көлікті пойыз қағып кетті. Көліктегі екі адам мерт болды.

Бұл туралы Астана арнасы хабарлайды.

Түнгі уақытта «ВАЗ-2114» көлігі көпірден төмен түседі. Осы кезде теміржолдан жүгі бар локомотив өтіп жатады. Көлік пен пойыз соқтығысып, көлікті бірнеше метрге дейін сүйреп әкетеді. Көлік жүргізушісі сол жерде қаза болды. Жолаушы ауруханаға барар жолда жан тапсырды. Полицейлер тергеу жүргізіп жатыр. Оқиғаның анық-қанығы тексерілуде.

 

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпүсынованың айтуынша, марқұм болған жүргізуші 26 жаста, жолаушысы 25 жаста болған.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау