Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Оралда қоғамдық дәретханаға орнатылған видеобақылау жұртты дүрліктірді

Оралдық «Синема парк» ойын-сауық кешенінде ерлер дәретханасына видеобақылау орнатылған. Әкімшіліктің ойынша, осылайша террористер мен шылым шегіп құқық бұзатындарды ұстауға болады.

73d1b117023e78e47bbf7039031d05df

Бұл туралы “Экспресс К” хабарлады.

Оралдың БАҚ өкілдері әкімшіліктен пікір алу үшін барғанда, “Синема парк” сауда орталығындағылар камераның бар болғаны жасанды екенін айтқан. Мұнымен қатар, камераны орнатуға заңды құқықтары да бар екенін алға тартқан. Алайда полиция қызметкерлері камераны жекеменшік ұйымдардың ресми рұқсатсыз өздері қойып алатынын айтады.

“Видеобақылаудың жалған екені өтірік. Бір нәрсені жоққа шығаруға болмайды: қоғамдық дәретханаларға видеобақылау қоюға болмайды, бұл жеке тұлғаның өміріне бассұғушылық, әдетте құқықтық жауапкершілікке тартылады”, – деді Орал қорғаушы Павел Кочетков.

Әзірдің өзінде бақылау жасау тоқтатылмады. Алайда кірер есікте ескерту ілініп тұр.

Талқылау