Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Оралда кәсіпкер 6-қабаттан секіріп кетіп мерт болды

Оралда 48 жастағы кәсіпкер 9 қабаттың үйдің 6-ншы қабатынан секіріп кетті.

Оралда кәсіпкер 6-қабаттан секіріп кетіп мерт болды

Бұл туралы «Мой ГОРОД» порталына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Оқиға 14 қарашада орын алған.

«14 қарашада сағат 5:39-да ер адамның 6-қабаттан секіріп кеткені туралы қоңырау түсті. 1970 жылғы ер адам биіктен секіру салдарынан мерт болды», – дейді денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сакпусунова.

Көршілерінің сөзінше, 6-қабаттан секіріп кеткен ер адам сол үйде тұрған. Оның өз фотосалоны болған екен.

«Нақты не болғанын білмейміз. Үйдің жанында марқұмның көлігі тұр. Кәсібіне байланысты қиындықтары болған дейді. Ол жаңа фотосалон ашпақ болып жүрген», – дейді тұрғындардың бірі.

Полициядағылардың мәліметінше, аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау