Оралда күзетші адамды темекі үшін бір ұрып, мерт қылды

Бейсенбі, 7 Шілде , 2016 13:47

Оралдағы “Карьер” атты ақылы жағажайдың күзетшісі мен демалып жүрген ер адамның арасындағы жанжал қоғамдық жерде темекі шегу мәселесінен басталған.

rrr

Сурет mmugb10.ru

Бұл туралы uralskweek.kz хабарлайды.

Оның арты төбелеске ұласып, күзетші өз оппонентін бір ұрып, мерт қылды. Айыпты адам оқиға орнынан қашып кеткен.

Қайтыс болған жігіт – 27 жасар Эльдар Сыйков. Ол жеке меншік жағажай территориясында темекіні тұтатқанда күзетші оған ескерту жасады.

“Содан екеуі ілігісіп, арты төбелеске ұласқан. Күзетші ол жігітті бір ұрып, талдырып тастады. Өзі қашып кетті. Демалып жатқан адамдардың барлығы есінен танып қалған жігітке су сеуіп, қайтып тұрғызуға тырысты. Жедел жәрдемге хабарласып, 20 миунттай күттік. Бірақ ол келген жоқ. Сөйтіп, өзіміз ол жігітті көлікпен жақын жердегі емханаға апардық. Алайда тым кеш болды. Оның мойын омыртқасы үзіліп кетті”, – дейді жанжалға куәгер болған Элла Такмаева.

Ал Батыс Қазақстан облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, аталған оқиға туралы хабар жедел жәрдем қызметіне сағат 15:17-де түсіп, 13 минуттан кейін дәргігерлер оқиға орнына жетті. Бірақ ер адам о дүниелік болып кетті.

Марқұмның туған туыстары қайғылы оқиғаға куә болғандарды 87076766669 немесе 102 нөміріне хабарласуды сұрайды.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
19.11.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар