Оралда газ жарылып, екі адам зардап шекті

Дүйсенбі, 18 Желтоқсан , 2017 13:14

Кеше, 17 желтоқсан күні, Орал қаласындағы тұрғын үйде газ жарылып, екі адам зардап шекті, деп хабарлайды БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметі.

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз хатшысы Нұргүл Мұқанованың мәліметінше,  17 желтоқсан күні сағат 13.47-де Достық даңғылы бойындағы бес қабатты 162-үйдің №1 пәтерінде сыйымдылығы 220 грамм газ баллоны жарылды. Салдарынан пәтердің есік-терезелері  жұлынған. №2 пәтердің кіреберіс есігіне де зақым келген.

1986 жылғы ер және 1992 жылғы әйел адам күйік жарақатын алған. Зардап шеккендер ауруханаға жатқызылды.

Оқиға орнына жеке құрамнан 11 адам, 3 техника жіберілді.

Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Естеріңізге сала кетсек, а,ымдағы жылдың 18 қараша күні Оралға қарасты Зачаган кентінде тұрғын үйде газ жарылып, 37 жастағы Әселім Нығметова зардап шеккен. Жүкті әйел денесінің 85 пайызын күйік шалған. Артынан ауруханада құрсағындағы сәби шетінеп кетті. Ол бүгінде Самара қаласындағы Н.Пирогов атындағы №1 қалалық клиникалық аурухананың №11 күйік жарақаты бөлімшесінде ем алып жатыр.

Оқи отырыңыз:

«Алтын Орда» маңында ер адам көлік астына түсіп көз жұмды (фото)

Алматыда көктайғақ салдарынан жол апаты орын алды (фото)

Ақтауда зейнеткер көп қабатты үйдің терезесінен құлап кетті (видео)

Ақмола облысында он жастағы оқушы өрт кезінде қаза тапты

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
24.01.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар