Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Оралда есімін жариялағысы келмеген кәсіпкер науқас балаларға бір миллион теңге берді

Оралда шаруа қожалығының иесі балалардың еміне бір миллион теңге берді. Ол қайырымдылық қорына ақшаны өзі әкеліп берген. Алайда есімін жарияламауды сұрапты.

Оралда есімін жариялағысы келмеген кәсіпкер науқас балаларға бір миллион теңге берді

Бұл туралы «Уральская неделья» басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

«Жұлдыз» қорының менеджері Данара Ыдырысованың сөзінше, ер адам мұндай қайырымдылықты қатарынан үшінші жыл жасап жатыр екен.

«Ол өзінің есімі аталғанын қаламайды. Бұл ақшаны 11 жасар Диас Досқалиевтің көзіне ота жасауға жібереміз. Қалған ақшаны Үндістандағы клиникада жүрек трансплантациясын күтіп жатқан 13 жастағы Жұлдыз Серіковаға береміз», – дейді Ыдырысова.

Оның айтуынша, тағы бірнеше кәсіпкер осылайша ақша беріп, өз есімін жарияламауды жөн көреді екен.

«Олар науқас балаларға көмектескісі келеді. Ал біз оларға қайырымдылық мақсатында берген ақшасын дұрыс бөлуге көмектесеміз», – дейді ол.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау