Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Оралда ер адам балабақша ауласынан қашып шығып, тасалау жерде мастурбация жасаған

Оралдағы балабақша ауласынан шалбарын кие қашып шыққан ер адамды ата-аналардың бірі байқап қалған. Күдіктінің ізін аңдып жүріп, тұрғын оның тасалау жерге барып  мастурбация жасап тұрғанын көрген.

балабақша

БҚО ІІД қызметі  күдіктінің ұсталып, үстінен қылмыстық іс қозғалғанын айтады. Қазір күдікті қолхатпен босатылыпты.

12 мамыр болған оқиғада балабақша тәрбиешілерінің бірі күдіктіні ойын алаңынан қуып шыққан.

«Осында баласына келген ата-ананың бірі  күдіктіні ұстап алып полицияға хабарласты. Есітуісізше белгісіз адамға қатысты «бұзақылық» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған. Ол мұнда бірнеше рет келген екен. Балабақша қызметкерлері полицияға хабар бермеген. Тек осында отырғанын көрген кезде қуып жіберіп жүріпті»,-дейді тұрғындардың бірі.

Талқылау