Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Оралда ер адам бүйрегін беріп қызын аман алып қалды

Оралда әкесі қызына өз бүйрегін беріп, оны аман алып қалды. Осыған дейін бірнеше жыл 17 жастағы Альбина диализдің көмегімен ғана өмір сүріп келген еді.

1234

Бұл туралы Уральская Неделя хабарлайды.

“Менің бүйрегімді 30 мамыр күні қызыма салды. Ота сәтті өтті. Альбина қазір өз бетінше тамақтанып жатыр. Мен де әзірге ауруханадамын, өзімді жақсы сезінемін. Бірнеше күннен соң мені шығаратын шығар, ал Альбина кем дегенде екі аптадай ем қабылдайды”, – дейді Мырзағали Дүйсембаев.

Albina-s-papoj

Мырзағали Астанада ақша жетіп жатқанын, қаражат жинап берген қайырымды жандарға үлкен алғыс білдіретінін де айтты.

“Біздің жағдайымызға түзу көзқараспен қарап, ақша жинап берген жомарт жандардың бәріне алғыс айтамын. Солардың арқасында қызыма жасалған ота сәтті, бәрі ойдағыдай өтуде”, – деді ол.

ддд

Операция жасалмай тұрған кезде

Бұған дейін жалғызбасты әкенің қызының өмірі үшін бүйрегінен айырылуға дайын екендігі туралы жазған едік.

Талқылау