Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Оралда екі жыл бұрын қайтыс болған азамат “қайта тірілді”

Азамат жайында белгілі бір мекен-жайы жоқ көше кезбелеріне пана болған орталықтың заңгері Ерлан Медетов айтып берді. Оның айтуынша, орталыққа бір тұрғын әлеуметтік көмек сұрап келген.

1

Бұл туралы “Мой город” хабарлайды.

“Бұл бір ерекше жағдай болды. Қаршыға Ешім осыдан екі жыл бұрын қайтыс болды деп танылған. Ол кезде туған қызы мұны растаған еді. (Тәні танымастай күйде болатын – автордан ескерту). Ол өзінің тірі екенін дәлелдеу үшін инстанциялардың барлығынан өтті. Өзі БҚО Бурлинск ауданының тұрғыны болған. Енді ол бізден көмек сұрап келді, біз оған қол ұшын берудеміз”, – деп Ерлан Медетов өзінің таңқалғанын жасырмады.

Заңгердің айтуынша, өздері тергеу жұмыстарын жүргізіп, туыстарынан сұрауға құқықтары жоқ болғандықтан, процесске БҚО ІІБ көмегіне жүгінген.

“Полиция қызметкерлері өз ісін атқарып, барлық қағаз азаматтың тірі екенін растау үшін Бурлинск сотына жөнелтілді”, – деп істің аяқталып қалғанын жеткізді. Мұнымен қатар, отбасы азаматтың тірі екенін білсе де, олармен бірге тұрмайтынын айтты. Әлі күнге дейін СССР қызыл төлқұжатын ұстап жүрген адамдардың келетінін тілге тиек етті.

Талқылау