Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Оралда екі баланың анасын қағып өлтірген жүргізуші бостандықта жүр

Екі баланың анасын қағып өлтірген Toyota Land Cruiser жүргізушісі Александр Карагойшин үкім шыққан соң босатылды. Бұл туралы Мой город хабарлады, Орал қалалық сотына сілтеме жасап.

Орал қалалық сот өкілінің айтуынша, біршама жағдай жүргізушінің жазасын жеңілдетуге себеп болған.

“Жасаған қылмысына шын жүректен өкініп отыр, сонымен қатар көршілері жағымды қырынан сипаттады, бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылмаған, кәмелеттік жасқа толмаған төрт баласы бар, материалдық және моральдық шығынды толығымен өтеді әрі жәбірленуші тараптың қоғамнан аластатпай жазалауды сұрауы себеп болды”, — дейді сот өкілі Болат Имашев.

Айта кетейік, Орал қаласында Еуразия даңғылындағы жаяу жүргіншілер өткелінде Евгения Бондаренконы джип қағып кеткен. Әйел адам оқиға орнында жарақат алып, қаза тапты.

“Жиенбай” ЖШС директоры Александр Карагойшин ҚР ҚК 345-бабы “ Жол қозғалысы ережелерін бұзу немесе көлік құралдарын басқаратын тұлғалардың көлік құралдарын пайдалану” бойынша құқық бұзғаны үшін 2 жыл 5 ай мерзімде бас бостандығынана айырылған еді. 13 қарашада Карагойшин уақытша ұстау изолятрына жіберілген. Бондаренконың туыстары сот үкіміне ешқандай қарсылық келтірмеген.

Сотқа дейінгі тергеу кезінде Карагойшин жәбрленушілерге 20 миллион теңге өтемақы төлеген.

Тағы оқыңыз:

Синоптиктер: Алматыда әлі 4 күн бойы қар жауып, аяз басталады

СҚО-да боран кезінде жоғалып кеткен ауыл мұғалімінің өлі денесі табылды

Боранда көшеден табылған Астана тұрғыны жансақтау бөлімінде жатыр

Қазақстанда 940 мың адам ресми жалақы алмай жүр

Талқылау