Оралда болған автобус жүргізушілерінің төбелесі жұртты таң қалдырды (видео)
Автобус жүргізушілерінің жантүршігерлік төбелеске не үшін барғаны белгісіз.
Бұл туралы Мой город порталы хабарлады.
Белгілі болғандай №2 маршруттың жүргізушілері арасындағы төбелесе қаңтардың үші күні күндізгі сағат 12-лер шамасында болған.
«Біз «Қазақ ауылы» мөлтекауданы жақтан келе жатып, «Құлагер» аялдамасына жете берген кезде қарсы беттен тағы бір №2 маршруттың автобусы шықты. Жүргізушілер алдымен терезеден бір-бірін бірдеңе деп балағаттай бастады. Кейін екеуі де сыртқа шығып, төбелесе кетті», – деген автобус жолаушысы. – Екеуін жолаушылар ажыратты. Олар болса, түк болмағандай көліктеріне отырып, әрі қарай кетті».
Талқылау