Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Оралда батыр Мәншүк Мәметова интернетті “жарнамалап тұр”

Оралда тұрғындар екінші дүниежүзілік соғыстың батыры Мәншүк Мәметова бейнесінің жарнамалық мақсатта қолданылғанына наразылық танытуда.

Оралда батыр Мәншүк Мәметова интернетті “жарнамалап тұр”

Бұл туралы “Мой Город” порталы хабарлайды.

Қалада Мәншүк Мәметованың суреті Beeline компаниясының жарнамалық банерінде қолданылыпты.

“Жақыннан бастап 4G интернетті жарнамалап тұрған Мәншүк Мәметованың суреті пайда болды. Батырдың интернет жарнамасына қандай қатысы бар, суретінің неліктен онда жапсырылғаны тіптен түсініксіз. Ол кейін суретім жарнама үшін қолданылсын деп соғысқан жоқ ғой. Компанияның мұндай батыр кісілерді өздерінің жеке мақсаттарына пайдалануға қандай құқығы бар”, – дейді тұрғын.

Ал Beeline компаниясының Орал қаласы бойынша өкілдігінің директоры Әнуар Әбдібеков жарнамадағы Мәншүк Мәметованың суреті Орал қаласы бойынша 4G желісіне қолжетімділік туралы айтып тұр екен.

“4G жарнамасы әр қала бойынша танымал орындарға ілінген. Кеңес Одағының батыры Мәншүк Мәметованың ескерткіші қаламыздағы ең бір көркем орындардың бірі. Осыған байланысты компанияның жарнамалық банеріне батырдың да суреті салынды”, – дейді Әнуар Әбдібеков.


Тағы оқыңыз: Мәншүк Мәметова: қазақтан шыққан әйгілі пулеметші қыздың өмір жолы

Талқылау