Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Оралда балабақшаның екінші қабатынан сәби құлап кетті (видео)

“Мой город” порталының хабарлауынша оқыс оқиға 24 қарашада Орал қаласының Зачаганск ауылында “Заңғар” бала-бақшасында орын алған, – деп хабарлайды Stan.kz.

Деректерге сәйкес сәби бала-бақшаның екінші қабатының терезесінен құлап кеткен. Бұл бала-бақша былтырғы жылы президент күніне орай ашылған болатын.

Бала-бақша директоры бұл оқиғаны растады. Алайда сұхбат беруден бас тартты. Ол қалалық білім басқармасына рапорт жазғанын, қажетті мағлұматты сол жақтан алуға болатынын айтты.

Кейіннен баланың терезеден құлаған сәті түсірілген видеоны таптық.

Қазіргі уақытта бала облыстық ауруханада жатыр. Денсаулығы бірқалыпты. Оның өзідігімен жүре алатыны да белгілі болды. Оқиғаны зерттеу жұмыстары әлі де жүргізіліп жатыр.

Талқылау