Оралда әйел емізулі сәбиімен бірге арыққа құлап кетті (видео)

Оралда әйел кішкентай баласымен бірге арыққа құлап кетті. шырқырап жылап жатқан сәбиі мен анасын сол маңдағылар арықтан шығарып алды.

Оралда әйел емізулі сәбиімен бірге арыққа құлап кетті (видео)

Оқиға 13 қарашада түскі уақытта орталық базар маңында орын алған. Арыққа құлап кеткен әйел мен сәбиді сол жерде болған адамдар шығарып алды. Куәгерлер түсіріп алған видеодан нәрестенің жылап жатқаны естіледі, деп хабарлайды “Уральская неделья” басылымына сілтеме жасап Stan.kz.

«Сағат 12:25-те «103» пультіне қоңырау түсті. Облыстық СЭС ауданындағы Нұрпейісов көшесіне жедел жәрдем бригадасы барды. Әйел мен сәбиі облыстық клиникалық ауруханаға жеткізілді. Қазіргі уақытта олар тексеріліп жатыр. Әйелдің денсаулығына қатысты шағымы жоқ. Ал балаған болғаны анықталып жатыр», – дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сакпусунова.

Ал көлік және автокөлік жолдары бөлімінің басшысы Қайрат Мұхамбетқалиевтің сөзінше, бұл ауданға асфальт төселуіне «ТВИК» ЖШС жауапты екен.

«Жоба бойынша арықтардың беті тормен жабылуы керек. Қазіргі уақытта құрылысшылар сол жерде тор орнатып жатыр. аптаның соңына дейін арықтардың беті толықтай тормен жабылады», – дейді Мұхамбетқалиев.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
13.12.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар